АймақҚарағанды

Сахалин кенті орталық су және кәріз жүйесіне қосылады

Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық қалалар мен аудандарда ауқымды жұмыстар атқарылды және әлі де жалғасын табатын болады. Облыс өңірлерінде жолдар, қоғамдық орындар мен аулаларды ретке келтіру жұмыстары қарқынды түрде атқарылуда. Сондай-ақ, тұрғындарға коммуналдық игіліктерге қол жеткізу қамтамасыз етілуде.

Әлихан Бөкейхан ауданы Сахалин кентінде су құбыры және кәріз желілерінің құрылысы жүріп жатыр. Жұмыс аяқталғаннан кейін 1 100-ден астам тұрғын орталық су және кәріз жүйесіне қосылады.

 Жұмысшылар мамыр айының ортасында Сахалинде желілер құрылысын бастап кетті. Жоспар бойынша шамамен 9 км су құбырлары және шамамен 4,5 км кәріз құбырлары салынады.

  –   Сахалин кентінде су құбыры және кәріз желілерін салу жобасы халықтың таза ауыз суға қол жеткізуі жөніндегі өңірлік бағдарламаларды орындау шеңберінде іске асырылуда. Қазір мердігер белсенді жұмыс істеп жатыр. Шамамен 1,5 км сумен жабдықтау құбырлары және 300 метр кәріз жабдықталған. Жұмыстар бір мезгілде екі бағытта жүргізілуде. Жобаны биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін міндетті түрде асфальттау жұмыстарын жүргіземіз, – деді қалалық ТКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жанболат Тоқмұрзин.

 Мердігердің айтуынша, материалдар мен жұмыс күшіне қатысты мәселе жоқ.

Саран зауытынан жергілікті өндірушілердің құбырлары мен темірбетон сақиналары қолданылады.

 Жаңа желілерге төрт көшенің тұрғындары қосыла алады. Олар: Тельман, Коммунистік, Линейная және Литвин көшелерінің тұрғындары. Бұл шамамен 400 үй. Құрылыс келешекті ескере отырып жүргізіліп жатыр, болашақта қосымша абоненттерді қосуға мүмкіндік болады.

Бүгінде Қарағанды облысында тұрғындардың 99,2%-ы орталық су жүйесіне қосылған. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін билік басындағылар 2025 жылдың соңына дейін толығымен жабуды көздеп отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Видео: Life09

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button