Сабақ үстіндегі сайыс
Ботақара кентіндегі Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы тірек мектебінің 9-сыныптарында балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтің “Менің атым Қожа” повесінің желісі бойынша “Шеберлік палитрасы” форматында сабақ өтті.
Осы арнайы сабаққа аудандық балалар кітапханасы кітапханасы “Балалық шақтың балғын суреткері” көрмесін қойып, “Қожа болып көр” кино-фото инсталляциясын ұсынды. Сонымен қатар балалар жазушысының суреті мен кітаптары бейнеленген биылғы жылдың 25 күнтізбесі мен жазушының өмірбаяны қамтылған кітап бетіне арналған 25 бетбелгі таратылды.
Оқушылар сабақ үстінде 4 кезең бойынша сайысып,біріншісінде осы шығармадан түйген ойларын ортаға салса,екіншіде эссе жазса, одан кейін комикс салып,ең соңында макет жасады.
Осы сайыста ерекше көзге түскендерге сынып жетекшісі Әсем Адамиянова өз жеке кәсіпкерлігінен демеушілік жасап,ақшалай сыйлықтар тағайындап,екі оқушыға облыстық Сәкен Сейфуллин театрына жолдама сыйлады.
Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы
Суреттер ұйымдастырушылардан