Бас тақырып

ҚҚС өсімі кімдерге әсер етпейді?

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосылған құн салығының (ҚҚС) өсуіне қатысты реформаның кімдерге әсер етпейтінін түсіндірді, – деп хабарлайды ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет stan.kz

Министрдің айтуынша, бұл бастама қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.

– Соңғы уақытта бұл мәселеге қатысты түрлі мәлімдемелер айтылды. Мысалы, кеше, қателеспесем, Қостанайда немесе Шығыс Қазақстанда үй жанындағы дүкен иелері мәлімдеме жасады. Олар өңірлік кәсіпкерлер палатасымен кездесіп, ҚҚС-тың өсуі олардың соңғы нанын тартып алатын жағдайға жеткізеді деп алаңдаушылық білдірді, – деді ол.

Алайда, Жұманғариннің айтуынша, бұл өзгеріс бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлерге әсер етпейді.

– Біз әрдайым айтып келеміз: халықпен жұмыс істейтіндердің барлығына – үй жанындағы дүкендер, дүңгіршек, шатыр, мейрамхана, шаштараздар – бұл реформаның мүлдем қатысы жоқ. Олар бұрынғыдай жылдық жиынтық табысы 2,4 миллиард теңгеге дейінгі шекте бөлшек сауда режимінде жұмыс істеп, 4 пайыздық салық төлей береді. Олар үшін ештеңе өзгермейді. (…) Бұл реформа бизнестің өте тар қабатына қатысты. Отбасын асырап, халықпен жұмыс істейтін, базарларда сауда жасайтын адамдар, бұл реформа оларға ешқандай әсер етпейді – бөлшек салық сақталады, – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button