Бас тақырыпЖаңалықтар

Құрылыс ауылының тұрғындарына малды заңсыз жайғаны үшін айыппұл салынды

Жақында Қарағанды әуежайы аумағынан Үштөбе ауылдық округіне қарай жаппай ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілген болатын. Көгалдандыру жұмыстарын Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау кәсіпорнының орманшылары жүргізген.

Сурет: Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау кәсіпорнының орманшыларынан

Орманшылар 3,4 гектар алқапқа қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар, барлығы 5,5 мың ағаш, оның ішінде бір жарым мың кәдімгі сирень бұталары, мың күлтелі үйеңкі көшеттері, 2,5 мың қарағаш және 500 қарағай отырғызған. Алайда, Құрылыс ауылы тұрғындарының малдары көшеттерге зиян келтірген. Орманшылар 110 қарағай көшеті мен 30 сирень бұтасының зақымдалғанын тіркеді.

– Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері көшет алқабын тексеру нәтижесінде учаскелік инспектормен және Үштөбе ауылдық округінің әкімімен бірлесіп, Құрылыс ауылы тұрғындарының малды заңсыз жаю фактілерін тіркеді. Ауыл тұрғындарынан ауыл шаруашылық малдарын жаю ережелерін сақтауды сұраймыз. Мұндай бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – дейді орманшылар.

Үштөбе ауылдық округінің учаскелік инспекторы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 2-бөлігінің 408-бабы «Мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материал әкімшілік сотқа жіберіліп, ауыл тұрғындарына айыппұл салынды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button