АймақБас тақырып

Құрылтай сайлауы: Алғашқы exit poll нәтижелері жарияланды

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген. «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша Еуразиялық интеграция институты жүргізген exit poll нәтижелері жарияланды.

Сауалнама қорытындысы бойынша партиялар жинаған дауыс үлесі:

  • «Әділет» партиясы – 71,8%
  • «Ауыл» партиясы – 6,4%
  • Respublica партиясы – 5,4%
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,2%
  • «Ақ жол» партиясы – 5,1%
  • Қазақстан Халық партиясы – 3,0%
  • «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,0%
  • «Барлығына қарсымын» – 2,1%

Еуразиялық интеграция институтының мәліметінше, exit poll Қазақстанның 20 өңіріндегі 200 сайлау учаскесінде жүргізілген. Сауалнамаға 30 мыңға жуық сайлаушы жасырын түрде қатысқан.

Айта кетейік, exit poll нәтижелері – сайлаудың ресми қорытындысы емес. Ресми нәтижелерді Орталық сайлау комиссиясы жариялайды.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button