Бас тақырып
Өртенген мешіт қалпына келеді
Қарқаралы ауданы Томар ауылындағы өртенген мешітті қалпына келтіруге арналған жылу жинау сәтті аяқталды. Осыған орай облыстың бас имамы Естай Әбдіғали үндеу жолдап, өртенген мешітті қалпына келтіруге атсалысқан жерлестерге алғыс білдірді.
– Құрметті қазақ елі! Халықтың қолдауымен 25 000 000 теңгеге жуық қаржы жиналды. Қиын сәтте демеу болған азаматтарға алғысымыз шексіз! Алла Тағала қайырымды істеріңізді сауаптан жазып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік нәсіп етсін!Халықтың ынтымағы мен жанашырлығының арқасында осындай игі бастама жүзеге асты. Алла баршаңызға разы болсын! Алла қаласа, мешіт толық қалпына келтіріліп, жамағаттың ғибадат жасауына есігін айқара ашатын күнге жеткізсін!, – деді Естай Айтуғанұлы.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.