Осакаров

Ұрпақ тәрбиесі – маңызды іс

   1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Осакаров аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы мен жастардың ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық тарихи өлкетану музейінде «Ұрпақ тәрбиесі қай деңгейде?» атты дөңгелек үстел өтті. Атаулы шараға Осакаровка кентіндегі №1 ОМ ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысты.

Дөңгелек үстелді аудандық тарихи өлкетану мұражайының нұсқаушысы Т.Момынбеков жүргізіп отырды. Қонақтарды аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Бекова құттықтап, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында айтылған, «Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте», – деген ғибратын алға ұсынды. Елімізде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени жаңалықтарға байланысты оқу үрдісін ұлттық сипатта ұйымдастыру – заман талабы. Сондықтан, оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер, деректер, ұлттық психология ерекшеліктерін ескеру үшін ардагер-аналар кеңесі, аудандық ардагерлер кеңесі, оқу ісінің озық қызметкерлері, ардагер ұстаздарды қатыстыра отырып, арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырдық деген ойын жеткізді.

Ардагер ұстаздар Р.Рәшқызы, Б.Мечебайқызы, Р.Қоғабекқызы сөз сөйлеп, рухани тәрбиені бала негізі ата-анасынан алуы керек. Ал, теледидар мен интернет, компьютерді жастар қажетінше қосымша құрал ретінде қолдануы қажет. Кейбір ата-ананың бала тәрбиесіне араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылулық көрмей, қатыгездікпен жүрегін бойлаған суық ызғар баланы қатыгез етіп өсіреді. Сондықтан, бұл да, бала тәрбиесіне әсерін тигізеді, деген ой тұжырымдарын айтты.

«Бала тәрбиесі» атты бейне таспа арқылы балалардың ойға түйгендерін сұрастыра отырып, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ислам Шәкірбеков, тәрбиенің ең маңызды шарты: үлкенді сыйлап, кішіге ізет көрсету, ағайын-туыстармен жылы қатынас орнату арқылы, жас ұрпақты Отансүйгіштікке баулып, көршілер мен достарына қол үшін беруге, ең бастысы ұл-қыздарының бойына адамгершілікті сіңіріп, дүние байлығынан көрі рухани байлыққа икемдеп тәрбиелегені абзал, – деді.

Атаулы шараның 1 Наурыз – Алғыс айту күні өткізілгенін ескерсек, тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатына елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің бөленіп отырғанын айтқанымыз абзал болар. Қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшемі.

Осылайша Қазақстан кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп – өркендеген елге айналды.

Сержан СМАХАНҰЛЫ.

ОСАКАРОВ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button