Бас тақырып

Құрметті мұғалімдер мен педагогикалық қызмет ардагерлері!

Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыз­дар!

Мұғалімдік – ең қажет, маңызды және құрметті мамандықтардың бірі. Сіздер балаларға терең білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, шәкірттің моральдық бағдарларын тәрбиелей отырып, олардың таланттарын ашуға көмектесесіздер және тәуелсіз өмірге дайындайсыз­дар.

Сурет enic-kazakhstan.edu.kz

Бұл қызметтеріңіз кез келген жұмыстан да артық. Бұл мұрат-мақсат бірнеше ұрпаққа сәтімен жалғасу үшін осынша сүйіспеншілікті, даналықты, адалдықты және шыдамдылықты қажет ететіндей.

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы» деп бекер айтпаған. Өйткені, өзгенің баласына өз балаң сияқты қарап, мейірім мен махаббат беру үшін үлкен жүрек керек.

Сонымен қатар, «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» демекші балаға білім ғана беру аздық қылады. Оны патриот әрі еңбекқор, бәсекеге қабілетті, жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін ұстаздар қауымы жатпай-тұрмай еңбек етеді.

Білім беру жүйесінің барлық қызметкерлері мен тәрбиешілер қауымына сарқылмас қуат пен жігер, сүйікті ісіне табыс, зор денсаулық, бақыт пен амандық тілейміз!

Мейрам КОЖУХОВ,
Қарағанды қаласының әкімі.

Алтынтөре БӨКЕНОВ,
Қарағанды қалалық мәслихатының төрағасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button