Құрметті кеншілер, көмір саласының қызметкерлері!
Сіздерді Шахтер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – біздің аймақ үшін ерекше күн. Өкінішке қарай бұл мереке «Қазақстан» шахтасында болған қайғылы оқиғамен тұспа-тұс келді. Бұл күні біз осы салада қажыр-қайрат танытып, өз жұмысын адал атқарып жүрген жандарға алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар өмірден өткен кеншілерді еске аламыз. Күн сайын шахтерлер қауымы ел игілігіне қызмет етіп, ел экономикасының өркендеуіне, оның ішінде аймағымыздың дамуына үлес қосады.
Біз өзінің тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, кеншілердің даңқты дәстүрлерін жалғастырып келе жатқан ардагерлерге және осы салада еңбек етіп келе жатқан барлық азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Құрметті шахтерлер! Біз сіздердің қызметтеріңізге деген адалдықтарыңыз бен еңбекқорлықтарыңызды жоғары бағалаймыз. Мерекеге орай сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!
Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі
Нүркен ҚОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы