Ресми

Өркениетті жаңғырту процесі

Цифрландыру – қоғам өмірінің барлық салаларына цифрлық технологияларды енгізу есебінен адамзат өркениетін жаңғырту процесі. Қазіргі уақытта ол әлеуметтік саланың ажырамас бөлігіне айналды. Бұны өңірімізде қарқынды дамып келе жатқан жобалардың нәтижелері көрсете алады.

Сурет: басқармадан алынды

Жергілікті атқарушы органдардың халықпен өзара іс-қимылының бірыңғай алаңына айналған «Senim109» бірыңғай үйлестіру орталығы» қызметі жұмысын жалғастырып келеді. Қызмет барысында барлығы 750 мыңнан астам өтініш келіп түссе, 2023 жылы 138 мыңнан астам өтініш түскен. Өтініштердің шамамен 80 пайызын операторлар жедел түрде шешкен, ал қалғандары мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық қызметтерге жолданған.

2023 жылдың мамыр айында Қарағанды қаласы тұрғындарының өтініштеріне жедел ден қою мақсатында мониторингтік топ құрылды.

Мониторингтік топтың мамандары жұмыстардың нақты орындалуын тіркеу мақсатында ғана шықпайды. Аталмыш топ жұмыстардың орындалуын одан әрі бақылау үшін әрі әлеуметтік желілердегі «Senim109» аккаунттарында осындай деректерді жариялау мақсатында тұрғындар жүгінген жерге барады.

Жергілікті атқарушы органның берген жауабына сәйкес мониторингтік топ құрылған сәтінен бастап, мәселе туындаған жерге 197 мәрте шығып, жұмыс жүргізген.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды жобалардың бірі – «Қауіпсіз қала» іске асырылу үстінде. Жоба аясында Қарағанды, Теміртау, Саран қалаларында және Осакаровка кентінде 3 056 бейнебақылау камерасы орнатылған, сондай-ақ, жол ережесінің бұзылуын тіркейтін 110 кешен іске қосылған. Бұл жобаның мақсаты – жолдардағы құқық бұзушылықтардың санын азайту. Облыс жолдарындағы жол жүрісі ережелерін бұзу санын азайту бойынша оң нәтижелерге сүйене отырып, жоба дұрыс бағытта жұмыс істеп жатыр деп сеніммен айтуға болады. Осылайша, 2022 жылмен салыстырғанда жол ережелерін бұзу саны 20 пайызға төмендегені анықталды.

Облыста 2021 жылы Өңірлік геоақпараттық портал ашылды.

Бүгінгі таңда Жылжымайтын мү­лік­­­­­тің бірыңғай мемлекеттік кадастры­мен, «Мемқалакадастры» РМК инфра­құ­­­ры­лымдық деректерінің бірыңғай гео­­порталымен және «электрондық үкі­мет» пор­талымен ықпалдастыру жұмыстары аяқ­талды. ГАЖ қабаттарын толтыру 100% аяқталды.

Электрондық үкімет порталында облыс­тың 8 қаласы үшін онлайн форматта жер учаскесіне құқықтарды сатып алуға электрондық өтініш беру процестері іске асырылды.

Табиғи монополиялар субъектілері қыз­меттерінің ашықтығын жеңілдету және қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылғы 23 қаңтарда тұрғындарға монополистер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметтерін қашықтықтан алуға мүмкіндік беретін «Iqala» жобасы іске қосылды. Бүгінгі күні қала тұрғындары үшін қызметтерді ұсынуға шарттар жасасу және электр энергиясын, жылуды, газды тұтынушылар үшін техникалық шарттарды онлайн форматта ресімдеу бойынша «Қарағанды Жарық» ЖШС, «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС, «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС, «ҚарағандыЭнергияСаласы» ЖШС, «Қарағанды Су» ЖШС, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ сынды 7 ірі монополистің 59 қызметіне қол жеткізу мүмкіндігі туындады.

2021 жылдың соңында іске қосылған «Терриконды алқап» өңірлік IT-хабы дарынды жастар мен мамандар үшін IT және Digital саласының даму нүктесіне айналды. IT-қоғамдастық өкілдері үшін 8 мыңнан астам адам қатысқан 300-ден астам іс-шара өткізілді.

IT&Digital-индустриясының өсуін біз салада қол жеткізген жетістік өлшемі ретінде қарастырамыз. Мысалға алсақ, бизнес-бағдарламадан өткен стартап-жобалардың саны 700-ден асады. Өткізілген іс-шаралардың арқасында облыстың IT&Digital-компаниясында 500-ге жуық адам жұмысқа орналасты.

Хаб базасында IT-кластер құру мақсатында Astana Hub «Tech Orda» IT-стартаптарының халықаралық технопаркінің бағдарламалау мектептерін қаржылық қол­дау бағдарламасына қатысатын «Ter­ricon school» бағдарламалаудың заманауи мектебі іске қосылды.

Оқыту ең танымал және келешегі бар бағдарламалау тілдері бойынша жүр­­гізіледі. Оқытудан барлығы 100-ден астам оқушы өтті. Оның ішінде 18 оқушы TechOrda бағдарламасы бойынша оқыды. Биыл аталмыш бағдарлама бойынша 58 квота бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 квотаға артық. Сондай-ақ, 200 оқушы үшін ақылы курс­тар өткізу жоспарланып отыр.

Киберспортты дамыту шеңберінде 2023 жылғы желтоқсанда CS2 (Counter-Strike) және FС 24 (FIFA) «ALAMAN 2023: Qarağandy» бойынша Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында жалпы жүлде қорына 1 500 000 теңге тігіліп, «Қазақтелеком» АҚ және «Терриконды алқап» IT-Хабының қолдауымен ұйымдастырылған Қарағанды облысының Екінші өңірлік киберспорт турнирі өтті. Жалпы алғанда, «Counter-Strike 2» финалына шығу үшін 68 команда, ал киберфутболдан 168 адам жүлдеге таласты.

Электрондық мемлекеттік қызметтер біздің өңірдің тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Өткен жылдың қорытындыларына қарағанда, барлығы 16 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Бұл ретте қағаз жүзінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер санының азайғаны байқалады.

Бүгінгі таңдағы жағдай бойынша қызметтердің 94,5 пайызына онлайн режимінде қол жеткізуге болады. Қызмет түрлерін egov.kz қосымшасы, Telegram-бот немесе мобильді қосымша арқылы алуға болады.

Облыста «Open akimat» жобасы іске қосылды. Жобада мемлекеттік қызметтер цифрлық технологияларды қолдана отырып, халыққа бірыңғай терезе қағидаты бойынша ашық кедергісіз кеңістіктерде ұсынылады. Жыл бойы 47 мыңнан астам қызмет алушы жүгінген.

Өткен жылы облыстың 6 ауылдық елді мекенінде байланыс желілері жаңғыртылды. Бұған дейін Абай ауданының Қоянды, Қойбас, Ақтоғай ауданының Қарасу, Қарқаралы ауданының Қаракөл, Аппаз ауылдарындағы ұялы байланыс сапасы сын көтермесе, Бұқар жырау ауданының Төрткөл ауылында ұялы байланыс мүлдем болмаған. Енді аталған елдімекендердің тұрғындары кең жолақты төртінші буын интернетіне қол жеткізе алады.

Сондай-ақ, Нұра ауданының 5 елдіме­кені (Тікенекті, Баршын, Талдысай, Жанбөбек және Құланөтпес ауылдары) деректерді радиорелелік жолмен беру әдісі бойынша үй интернетіне қосылған.

5G желісін дамыту аясында Қарағанды қаласында 11 базалық станция орнатылған. Бүгінгі таңда қала тұрғындарының кең жолақты 5-ші буын мобильді интернетіне қол жеткізуге мүмкіндіктері бар. Биыл тағы 5G желісінің 45 базалық станциясын орнату жоспарланып отыр.

Константин ИЛЬНИЦКИЙ,
облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button