Әріптес биігі

    Арқадағы қалам ұстаған қауымның қуанышын ормандай оқырманмен бөліскенді жөн көрдік. Қарағанды мемлекеттік университеті журналистика кафедрасының меңгерушісі Мейрам ЖҰМАБЕКОВ Мәскеуде өткен ХVІІ Халықаралық Пушкин байқауының лауреаты атанды.

 

Шыны керек, Қарағандыдағы журналистика кафедрасының түлектері ел аумағында үлкен сұранысқа ие. Сірә, бұл – кафедрада қызмет ететін ұстаздардың біліктілігіне берілген лайықты баға болар. Біз де бір сәтке күмән келтірген емеспіз. Кеудедегі сеніміміз күн санап қоюлана түскендей. Мейрам Кеңесұлының кезекті биігі де осы сөзімізге дәлел.

Байқауға Мәскеу мэриясы мен ресейлік «Российская газета» басылымы ұйытқы болған. Қатысушылар географиясы ауқымды. ТМД мен Балтық елдерінен бөлек, алыстағы АҚШ, Аустралия, Бразилия мемлекеттерінің де өкілдері жұмыстарын жолдапты.

Қазылар алқасына 48 елден жеткен үш жүзге жуық дүниені қарап шығуға тура келген. Солардың арасында, тек, отыз үміткерді ғана лауреат деп тануға ұйғарған. Мейрам Кеңесұлы сол үздік отыздықтың қатарынан табылды. Қарағандылық филология ғылымдарының кандидатына тиісті марапатты ресейлік академик Виталий Костомаров тапсырды.

Бәрекелді!

Нұрқанат ҚАНАФИН

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.