Ресейдегі теракт: еліміздегі барлық сауда орталықтары мен концерт залдары тексеріледі
Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха 28 наурызда Сенат отырысында Ресейдегі Крокус Сити Холл ғимаратында болған терактіге байланысты Қазақстандағы сауда орталықтары мен концерт залдарында қандай қауіпсіздік шаралары қолданылатынын айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
– Қазақстанда ауданы 500 шаршы метрден асатын барлық ірі сауда орталықтары мен концерттік залдар, сондай-ақ барлық білім беру, денсаулық сақтау және адам көп шоғырланатын орындар терроризмге осал объектілерге жатқызылады. Бүгін біз осы нысандардың барлығын қосымша тексеру мақсатында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұрын тексерген нысандарды, нұсқау берілген жерде, сол жерде бақылау жұмыстарын жүргіземіз. Тексерілмегендерін тексереміз. Қалғандары үшін тым болмаса, тексеріп, қожайындарымен сөйлесіп, техникалық қуат мәселесін қарастырып, ұсыныстар береміз, – деді Игорь Лепеха.
Сондай-ақ мұндай жағдайға қатысты ұсыныстар берді.
– Бұл жерде қандай да бір ұсынымдар беру қиын, өйткені, бұл бұрын-соңды болмаған факт, үрейленбеңіз, кетуге тырысыңыз, жасырыныңыз, мүмкін болса, оқиға болған жерден кетіңіз. Батыр болудың қажеті жоқ. Біз де сыртта не болғанын, қалай болғанын қарап жатырмыз… Айталық, мектептер үшін Білім министрлігі мен мұғалімге қажет алгоритмді белгіледік. Сыныпта өзін құлыптап, өзі тосқауыл қойып, сыртқа шықпау керек, терезелерден алыс жүру міндетті, – деп қосты Игорь Лепеха.
Бұл ретте елде алдын алу шаралары да жүргізіліп жатқанын атап өтті. Соның бірі – Қазақстанға келетін шетелдіктердің саусақ іздерін міндетті түрде алу.
– 1 қаңтардан бастап біз елге келетін шетелдіктердің міндетті түрде дактилоскопиялық таңбасын алуды енгізгенімізді білесіздер, ол қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр, ал жыл басынан бері елімізге кірмек болған 10 қылмыскерді анықтадық, – деп түйіндеді сөзін ҚР Ішкі істер вице-министрі.
2024 жылдың 22 наурызында камуфляж киген адамдар Крокус Сити Холл ғимаратының бірінші қабатына кіріп, автоматты қарудан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды.
25 наурызда Крокус Сити Холлдағы терактіде қаза тапқандар саны 139 адамға жеткені хабарланған.
Сол күні Крокустағы лаңкестік іс бойынша төрт айыпталушыны қамауға алынғаны белгілі болды. Олар өз кінәларын мойындады. Кейінірек тағы үш күдіктінің ұсталғаны белгілі болды: әкесі мен екі ұлы. 26 наурызда сегізінші күдіктіге айып тағылып, 22 мамырға дейін қамауға алынды.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА