Бас тақырып

Референдумда қазақстандықтардың 51,93%-ы дауыс берді

Орталық референдум комиссиясының мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша 6 471 378 азамат дауыс берді.

Сурет ОСК

Абай облысы 61,04 %

Ақмола облысы 60,05 %

Ақтөбе облысы 61,37 %

Алматы облысы 56,13 %

Атырау облысы 56,54 %

Батыс Қазақстан облысы 49,97 %

Жамбыл облысы 51,13 %

Жетісу облысы 59,82 %

Қарағанды облысы 57,32 %

Қостанай облысы 56,51 %

Қызылорда облысы 64,63 %

Маңғыстау облысы 53,14 %

Павлодар облысы 53,31 %

Солтүстік Қазақстан облысы 52,37 %

Түркістан облысы 58,03 %

Ұлытау облысы 52,06 %

Шығыс Қазақстан облысы 59,60 %

Астана қаласы 40,68 %

Алматы қаласы 21,68 %

Шымкент қаласы 58,24 %

Жалпы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 471 378 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 51,93 % құрады.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31-бабы 2 тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткізілген деп саналады. 

Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 16.00-де беріледі. 

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button