Референдум: сағат 12:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 37,54%-ы дауыс берді
Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, жаңа Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумда сағат 12:00-дегі жағдай бойынша ел азаматтарының 37,54 пайызы дауыс берді. Жалпы 4 677 595 адам бюллетень алып, өз таңдауын жасаған.

Абай облысы 41,93 %
Ақмола облысы 44,66 %
Ақтөбе облысы 45,73 %
Алматы облысы 40,41 %
Атырау облысы 42,29 %
Батыс Қазақстан облысы 36,59 %
Жамбыл облысы 35,86 %
Жетісу облысы 43,32 %
Қарағанды облысы 42,95 %
Қостанай облысы 37,10 %
Қызылорда облысы 43,18 %
Маңғыстау облысы 34,57 %
Павлодар облысы 36,57 %
Солтүстік Қазақстан облысы 41,64 %
Түркістан облысы 44,13 %
Ұлытау облысы 36,59 %
Шығыс Қазақстан облысы 42,88 %
Астана қаласы 31,23 %
Алматы қаласы 14,85 %
Шымкент қаласы 42,59 %
Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 14.00-де беріледі.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



