Бас тақырыпЖаңалықтар
Референдум: қарттар да дауыс береді
Қарағанды қаласында 100 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Қарияларға қызмет көрсететін «Белсенді өмір сүру орталығы» КММ түрлі мәдени-спорттық шараларды ұйымдастырып, аға ұрпақты жастарға үлгі етуде.
Бүгін орталық қызмет алушы қарттарды алда болатын саяси оқиғаға белсене қатысуға шақырып, буклеттер таратты, сұхбат құрды.
Жасы сексенді алқымдаған Дариға Кенжебаева ел келешегі үшін маңызды шешім қабылданатын референдумда өз таңдауымды жасаймын дейді.
– Мен ұрпағымның келешегі жарқын болғанын қалаймын. Біз көрген қиындықты көрмесе екен, – дейді қария.
Өз тілшімізден.
Сурет пен видео: ұйымдастырушылардан