Референдум: Қарағанды облысының 26,64% азаматы дауыс берді
Республика азаматтарының 19,2 пайызы референдумда дауыс берді. Соның ішінде Қарағанды облысы белсенділік көрсетіп, алдыңғы қатардан көрінді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы хабарлады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10:00 жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
Абай облысы 17,98 %
Ақмола облысы 19,82 %
Ақтөбе облысы 21,80 %
Алматы облысы 18,10 %
Атырау облысы 19,44 %
Батыс Қазақстан облысы 18,80 %
Жамбыл облысы 18,49 %
Жетісу облысы 21,01 %
Қарағанды облысы 26,64 %
Қостанай облысы 19,24 %
Қызылорда облысы 24,02 %
Маңғыстау облысы 18,53 %
Павлодар облысы 16,36 %
Солтүстік Қазақстан облысы 18,72 %
Түркістан облысы 21,21 %
Ұлытау облысы 20,31 %
Шығыс Қазақстан облысы 20,64 %
Астана қаласы 20,68 %
Алматы қаласы 9,54 %
Шымкент қаласы 21,36 %
Жалпы, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Республиканың 2 393 844 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 19,21% құрады.
Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат сағат 12.00 – де жарияланады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



