Жаңалықтар

Құрбан айтта мал сою орындары бекітілді

11-13 тамыз аралығында мұсылмандар Құрбан айт мерекесін тойлайды. Құрбан айтта құрбандық шалынатынын белгілі. Осыған орай, Қарағандыда мейрам кезінде мал сойылатын орындар бекітілді.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, санитарлық талаптарға сай келетін алаңдар келесі мекенжайлар бойынша орналастырылған:
1. Резник к-сі, 18, «Абишев А. О» ЖК;
2. С. Сейфуллин к-сі, 53, «Хасенов К. С.» ЖК;
3. Республика даңғылы, 72/1, «Тұлпар» әмбебап көтерме-бөлшек базары;
4. «Бала қажы» мешітіне қарама-қарсы аумақ – К. Маркс көшесінің қиылысы және Авангардный бұрылысы. «Қайрат» ЖШС.
Сонымен қатар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінде тегін тағамдар мен сусындар таратылады, сыйлықтар үйлестіріліп, қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіледі. Мерекелік іс-шара ұлттық ойын түрлерінен спорт сайыстары мен мәдени-сауықтыру бағдарламасына ұласпақ.
Құрбан айт – Ораза айт мейрамынан 70 күн өткен соң атап өтілетін құрбандық шалу мейрамы, Зүл-хиджа айының 10-шы күні Ислам дініндегі ірі пайғамбарлардың бірі Ибрахимнің құрбандық шалу құрметіне тойланатын, қажылықтың аяқталар тұсындағы Ислам мерекесі. Григориан күнтізбесі бойынша тойлаудың нақты күні әр елде әр түрлі уақытқа сәйкес келуі мүмкін.
2019 жылы Құрбан Айт мерекесі 11 тамызда басталады. Жағдайы жақсы, дәулетті мұсылман үшін құрбан шалу міндетті-дүр. Құрбандыққа түйе, сиыр, қой, ешкі жануарлары шалынады. Құрбан болған жануардың еті үш бөлікке бөлініп: біреуі — жағдайы төмен, мұқтаж жандарға, екіншісі — көршілеріне таратуға немесе туыстары мен достарына, ал үшіншісі үйде қалады.

Басқа материалдар

Back to top button