Құрбан айт күндері тамақтан уланудың алдын алыңыз
Құрбан айт – қуаныш, ынтымақтастық, қайырымдылық, мұсылмандардың Меккедегі қасиетті орындарға қажылықтың аяқталуына орай құрбандық шалу уақыты. Мерекелік намаздан кейін “Айт намаз” мешітінде құрбандық шалынады.

2025 жылдың 6-8 маусым аралығында аталып өтетін Құрбан айт діни мерекесіне орай, тамақтан улану, жіті-ішек инфекциялары, аса қауіпті аурулардың алдын алу мақсатында, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрбан айт күндері тамақтан уланудың, жіті-ішек инфекцияларының, аса қауіпті аурулардың алдын алу үшін, мал сойылатын алаңдарда келесі талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді ұсынады:
- құрбандыққа шалынған малды союды белгіленген орындарда (сою пунктерінде) жүзеге асыру;
- мал, сою алдында ветеринарлық дәрігердің қарауынан өту қажет;
- жануарлардың денсаулығына ерекше назар аударылады, егер мал ауырған болса, онда етті жеуге қолдануға болмайды;
- мал сатып алу кезінде сатушыдан ветеринарлық анықтаманы көрсетуді талап етуді;
- вакцинация жасалған күнге назар аударуды, соңғы вакцинация мерзімінен кемінде 21 күн өтуі керек;
- арнайы сөрелермен, тауар қойғыштармен, сондай-ақ ет қорына арналған орындармен қамтамасыз етілуі тиіс;
- өнімді сақтау мерзімдері мен сақтау шарттарын орындау,
- сойылған мал етін сақтау, сату кезінде тоңазытқыштардың жеткілікті болуы;
- тамақ өнімдерін, оның ішінде тез бұзылатын өнімдерді тасымалдау үшін салқындатылатын камералары бар мамандандырылған көліктің болуын қамтамасыз ету;
- мал союшылар мен қызмет көрсетуші жұмыскерлердің жеке гигиенасын сақтау үшін жағдай жасау;
- жұмысқа медициналық тексерістен өткен мал союшыларды, қызмет көрсетуші жұмысшыларды және басқа да адамдарды тарту;
- дезинфекциялау режимінің сақталуы үшін дезинфекциялау және жуу құралдарының болуын, жеткілікті қорын қамтамасыз ету;
- объектіге іргелес аумақты күн сайын дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, таза ұстау.
Есіңізде болсын: осы шараларды орындау арқылы тамақтан уланулардың алдын алу – бұл өзіңіз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғаудың ең тиімді жолы!
Юрий ЗАЛЫГИН,
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы