Поэзия

Құран әуендері

Алладан басқа

Тәңірі жоқ!

Соныкі – ғалам,

Жәннат – бұл.…

Жасаған Ием сендерге

Кірпік те қақпай

қарап тұр!

Хабардар бергі,

арғыдан,

Ессізді күллі елемей;

Кім Оның шығар

алдынан,

Өзі кеп алқап,

жебемей?!

Сендерге дейін

не болған?

Сендерден де кейін

не болмақ?!

Біледі Жалғыз

Өзі Оның!

Алланың ақиқатынан ашылар күнде өзегің!

Қай жақта Алтын

Тағы Оның?!

Қайтесің, жүргей

құлы боп?!

Адамзат, ғаламзатыңда

Алладан басқа ұлы жоқ!

Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button