Медицина

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының мамандары Қарағандыда ота жасамақ

27-28 ақпан күндері ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының жетекші дәрігерлері Денсаулық сақтау басқармасының шақыруымен Қарағанды облысының бірқатар медициналық мекемелеріне келеді.

Сурет: видеодан скриншот

Олар жергілікті әріптестерімен тәжірибе алмасады, кеңес береді және мұқтаж науқастар үшін бірқатар жоғары технологиялық оталар жасайды. Мысалы, дәрігерлер эндоскопиялық дискэктомия, АВМ эмболизациясы, интракраниальды артерияларды эндоваскулярлық стенттеу сияқты оталарды жасап көрмек. Кардиохирургиялық оталар, кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы, криоабляция, сондай-ақ урология, ЛОР-хирургия, колопроктология және жалпы хирургия саласындағы оталарды қоса алғанда, Қарағанды қаласының бірнеше ауруханаларында түрлі медициналық процедуралар жүргізілетін болады.

Дәрігерлер сонымен қатар урология, гинекология, проктология, гастроэнтерология және т.б. сияқты әртүрлі бөлімшелер үшін облыстық клиникалық ауруханада оталар жасайды.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Видео: Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button