Жаңалықтар

ҚР АШМ ресми өкілі браконьерлер шабулы туралы мән-жайды баяндады

Қарағанды облысында браконьерлер “Охотзоопром ӨБ” РМҚК инспекторларына шабуыл жасап, ауыр жаралаған. Бұған дейін ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет   Фейсбуктегі парақшасында инспекторлардың бірі қаза тапқанын жазған болатын. Тengrinews.kz агенттігінің хабарлауынша,  бұл ақпарат расталмады.

ҚР АШМ ресми өкілі Сәкен Қалқамановтың айтуынша, инспекторлар Нұра ауданы аумағында автомобильдердің жаңа түскен ізін көріп, браконьерлердің соңына түседі. Іздеу шаралары кезінде инспекторлар мінген көліктің бірі қарға батып қалған. Ал, екінші көліктегі П.Ницык пен Е.Нұрғалиев аңшылардың соңына түсіп, “Тойота Лэнд Крузерді” қуып жетеді. Көлікте отырған аңшылар заң қызметкерлеріне бағынудан бас тартып, оларға қару кезенеді. Бұл әрекетке жауап ретінде инспекторлар әуеге оқ атады. Алайда, браконьерлер ескертуге құлақ аспай, инспекторларға шабуыл жасап, П.Ницык пен Е.Нұрғалиевті соққыға жыққан және көліктің кілті мен GPS құрылғыларын ұрлап кеткен. 

Ауыр жараланған инспекторлар қазір Астана қаласындағы №1 ауруханаға жеткізілді. Е.Нұрғалиев ес-түссіз жатыр. Жағдайы ауыр. 

Басқа материалдар

Back to top button