Ресми

Qarmet компаниясы жаңа бағдарламалық платформа енгізбек

Қарағандыдағы Qarmet компаниясының барлық көмір шахталарына DMMS цифрлық платформасы орнатылмақ. Аталған құрылғы өндіріс процестерін нақты уақыт режимінде бақылауға арналған. Компания цифрлық платформаны 15 сәуірден бастап орнатады деп жоспарлауда. Әрі тау-кен басқармасында бірегей орталық диспетчерлік пунктті де енгізеді.

Сурет: Qarmet АҚ

Бұл жұмыстар Qarmet компаниясы өнеркәсіптік қауіпсіздікті ұйымдастыру жөніндегі инвестициялық міндеттемелер шеңберінде жоспарланған. Биыл толығымен аяқталмақ. Айта кетейік, бұл құрылғы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Qarmet көмір департаментінің сегіз шахтасының екеуінде орнатылған.

Цифрлық платформа мен диспетчерлік пункттің басты қызметі – шахталарда қызметкерлер мен техниканың қозғалысына мониторинг жүргізу. Қауіпті аймақтардағы кеншілердің орналасқан жерін қадағалап, адамдардың құлау немесе қозғалмау жағдайларын анықтау. Сондай-ақ, газ датчиктерін бақылап, сейсмомониторинг жүргізеді және барлық шахталардың орталық диспетчерлік бөлмесін басқарып қана қоймай, диспетчермен жедел байланысу қызметі қарастырылған.

Цифрлық платформаны қазақстандық AG TЕСН компаниясы жеткізген. Жүйе қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша 800 шахтада қолданылады. Ал, Қазақстанда 30 шахтада жұмыс істеп тұр. Бұл платформа Қазақстанның өнеркәсіптік қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізілген әрі ҚР ТЖМ да мақұлдаған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button