Аймақ

Пришахтинск шағынауданындағы ескі саябаққа өң кірді

Пришахтинск шағынауданында ұзақ жылдар бойы қараусыз, жөндеусіз тұрған саябақты абаттандыру үшін бюджеттен қаржы бөлінгені жайында жазған болатынбыз. Бүгінде «Қазақстанның 40 жылдығы» саябағына жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанына бір айдан астам уақыт өтті. Осы аралықта саябақта біршама өзгерістер орын алған.

 

Бұрынғыдай емес, саябақтың көркіне көрік қосылып келеді. Аумағы қоршалып, жаяу жүргіншілер жолы төселген. Кей жердегі сиреп кеткен ағаштардың орнына жаңадан тал егілген. Бұрын гүлзарлары бар үлкен алаңның орнына брусчаткалар төселген.

Сонымен қатар, кабель тартып, жарықтандыру бағандарын орнату үшін жол бойымен арнайы орындар қазылды. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері де орнатылды. Енді ойын алаңы, футбол, баскетбол алаңы мен түрлі спорттық тренажерлар салынады деп жоспарлануда. Ал, шағын және орта бизнес нысандары келер жылдан бастап жұмыс жасай бастайды.

 

Жөндеу жұмыстарына «СК Гарант Групп» ЖШС мердігері жауапты. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары толық биылғы жылдың 1 тамызында аяқталуы шарт. Алайда, мердігер компания құжатта қателіктердің барын айтып, «жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекте бітеді» деп отыр.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button