Приозерск

Приозерскіде жастар форумы өтті

Приозерскіде Saryarqa Jastary атты жастар форумы өтті. Аталмыш шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері мен республиканың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты.


Форумның ашылуына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Шерзот Пулатов, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын және «Жаңғыру жолы» ҚХА АМД төрағасының бірінші орынбасары Тимур Жұмырбаев қатысты.
– ҚХА-ның жастар қанаттары барлық мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысып, өз құрдастары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, этностар арасындағы бейбітшілік пен келісімді насихаттап отыруы қажет. Биылғы жылы жастар үшін бірнеше қызықты жобалар жоспарланған. Этномәдени бірлестіктердің жастары барлық бағыттар бойынша өз жетістіктерін көрсетуі тиіс, – деді Шерзот Пулатов.
Іс-шараға қатысушылар өздерінің әлеуметтік жобаларын таныстырып, қазіргі жастар үшін өзекті мәселелерді талқылады. Олар үшін «Атамұра» қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрлерін дамыту орталығына экскурсия және «Жарасым» ҚХА клубының «SuperJastar» волейболдан чемпионатын ұйымдастырды. Кешкілік іс-шара «ҚХА-Talks» форматында алау жанында жалғасты.
ҚХА жанындағы жастардың үйлестіру кеңесі 2017 жылы құрылған болатын. 2018 жылы бүкіл ел бойынша оның штабтарында «Жаңғыру жолы» қозғалысы іске қосылды. Осының арқасында Қарағанды облысында Қарағанды медициналық университетінің базасында «Жарасым» студенттік клубы, Теміртау қаласындағы «Жаңғыру жолы» қалалық штабы, Достық үйінде «Bilim Ortalygy» интеллектуалдық аймағы және басқа да бірқатар жобалар ашылды.

Басқа материалдар

Back to top button