Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеуге пікір
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлықтау рәсімінде жастарға, оның ішінде жас мамандарға үлкен сенім артатынын айтып, Президенттік жастар кадрлық резервін құру туралы тапсырма бергені барша халықтың есінде.
Оған қоса, ел Президенті Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауында «арнайы дайындығы бар жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту» қажеттігін ескертті.
Осы орайда, Президенттік жастар кадрлық резервіне өткізіліп жатқан іріктеу сол тапсырмалардың іске асырылуының нақты айғағы десек болады. Себебі, Резерв дарынды, қызметіне адал, тәжірибелі жастар үшін жоғары лауазымдарға тағайындалу үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты болмақ.
«Жастар жылындағы» жағымды жаңалықтардың бірі болған Президенттік жастар кадрлық резерві жөнінде өзімнің ойларыммен бөліссем, біріншіден, Резервке үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптардың қолжетімділігі қуантады. Себебі, әрбір35 жасқа дейінгі азаматтың 5 жылдық еңбек стажы бар. Оның болмауы мүмкін емес. Яғни, жастардың басым көпшілігіне өзінің бақтарын сынап көруге мүмкіндік туып отыр.
Екіншіден, үміткерлердің санына шектеудің қойылмауы. Резервке іріктеудің басталғанына екі апта ғана болды, ал өз өтінімдерін берген жастардың саны 3000 артылып жатыр.
Үшіншіден, іріктеуге қатысудың шығын талап етпеуінде. Себебі, іріктеудің көптеген кезеңдері онлайн түрде өткізіледі.
Сөзімді түйіндей келе,Президенттік жастар кадрлық резерві көзінде оты бар, жүрегі елім деп соғатын жалынды жастарды іріктеп, олардың кәсіби және тұлғалық тұрғыда дамуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз.
Бейбіт Жұмабеков, «Жалынды жастар»
Қоғамдық ұйымының басшысы.