Президент “Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы” заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, – деп хабарлайды ortalyq.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Құжатта:
– тарихи-мәдени мұраны сақтау;
– Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
– археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
– тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
– қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
– археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
– мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
– қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
– тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
– мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
– туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.