Жаңалықтар

Президент: Отаншыл болу – туған еліннің игілігі үшін аянбай еңбек ету

Қоғам дамуының басты тіректерінің бірі — азаматтардың өз еліне деген жауапкершілігі мен адалдығы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Отаншыл болу — туған еліңнің, отбасыңның игілігі үшін аянбай еңбек ету» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында атап өтті. Бұл сөздер отаншылдықтың мазмұнын терең ашып, оның тек сезім емес, нақты әрекет екенін айқындайды.

Президент сұхбатында атап өткендей, мемлекет дамуы азаматтардың белсенділігіне тікелей байланысты. Егер әр адам өз кәсібін шын ниетпен атқарса, өз ісіне жауапкершілікпен қараса, қоғамда сенім қалыптасады, тұрақтылық нығаяды, ал бұл өз кезегінде экономиканың өсуіне, әлеуметтік жағдайдың жақсаруына жол ашады.

Отаншылдық — тек мемлекетті сүю емес, сонымен бірге оның болашағына ортақтасу. Бұл — ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Бүгін жасалған адал еңбек ертеңгі тұрақты қоғамның іргетасына айналады. Сондықтан отаншылдық — бір күндік науқан немесе мерекелік ұран емес, өмірлік ұстаным, әр азаматтың ішкі таңдауы.

Отаншыл болу — туған жердің тағдырына бейжай қарамау, өз орныңда қоғамға пайда тигізу, елдің ертеңі үшін жауапкершілік алу. Мемлекет басшысының бұл пікірі әр қазақстандық үшін ой саларлық әрі бағыт-бағдар беретін маңызды тұжырым болып қала береді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button