Жаңалықтар
Президент: Әлеуметтік көмек шын мұқтаж адамдарға берілуі тиіс
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік саясатта әділдік пен ашықтық қағидаттарын қатаң ұстану қажеттігін атап өтті. Президенттің айтуынша, мемлекет көмегі шын мәнінде мұқтаж адамдарға ғана көрсетілуі тиіс. Бұл қолдау тікелей, атаулы және өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылуы қажет.

Президент әлеуметтік көмектің тиімділігі мен әділ бөлінуі қоғамдағы сенімді арттырып, әлеуметтік теңгерімді сақтаудың маңызды тетігі екенін жеткізді.
Бұл ұстаным бюджет қаражатын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бағытталған. Әлеуметтік қолдауды нақты мұқтаж жандарға бағыттау – әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің басты шарты. Сонымен қатар бұл азаматтардың еңбекке ынтасын арттырып, өз мүмкіндігін толық пайдалануға жол ашады.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz



