Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты БАӘ Президентінің «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Біріккен Араб Әмірліктері Президентінің «Әл-Уатан» сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Мемлекет басшысының құрметіне 21 рет зеңбіректен оқ атылып, Қазақстанның әнұраны орындалды.

Қасым Жомарт Тоқаев пен шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ілтипат білдіріп, Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді.

aqorda.kz

 

Басқа материалдар

Back to top button