Спорт

Плей-офф: жерлестер алғашқы кездесуде жеңіске жетті

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионатының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойынын өткізді. Сырт алаңда «Хумо» клубымен кездесіп, ойынның негізгі бөлігінде 5:5 есебімен тең түсті. Шешуші овертайм уақытында жерлестер қарсылас команда қақпашысынан айласын асырып, жеңіске жетті.

Суреттер: клубтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Алғашқы айналымда үш шайба салынды. Ойынның 15-ші минутында «Сарыарқа» сапынан Глеб Зайцев есеп ашты. 17-ші минутта Тимур Шингареев көзге түсіп, есепті еселеді. Араға бір минут салып қарсылас команда шабуылшысы Вадим Щегольков есеп алшақтығын қысқартты.

Екінші айналымда алаң иелері таразы басын теңестірді. Шайба авторы – Павел Синявский. Артынша 26-шы және 30-шы минутта Руслан Демин қос шайба авторы атанды. Есеп – 2:4.

Ойынның 43-ші минутында жерлестер сапынан Александр Коннов есеп алшақтығын тағы бір мәрте ұзартып, 2:5 есебімен сөзсіз алға шықты. Бірақ, алаң қожайындарының ойыны үшінші айналымнан бастап ширай бастады.

50-ші минутта – Илья Назаревич, 51-ші минутта – Вадим Щегольков, 56-шы минутта – Павел Синявский таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша қос команда арасындағы ойын овертайм уақытына ұласты. Бұл таймда жерлестер сапынан Глеб Зайцев көзге түсіп, командасына жеңіс сыйлады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button