АбайБасты тақырып

Пластиктен жасалған полиция көлігі

Абай ауданының Жергілікті полиция қызметі жаңа макет орнатты. Кәдімгі полиция көлігінің. Құрылғы пластиктен жасалған екен.

Мұндағы мақсат айқын. Автокөлік жүргізушілерін сақ болуға шақыру. Әйтпесе, жол-көлік оқиғасы талайдың өмірін қиып жатқаны да жасырын емес.

Мәселен, осы макет орнатылған жол учаскесі – Қарабас елді мекенінің маңайында бірнеше көлік апаты орын алған. Биылғы 9 айда 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, екі адамның өмірі қиылған. Үш жолаушы зардап шеккен.

Облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі бұл тәжірибенің тиімді боларына сенімді.

Диодты жарық негізінде жасалған пластик макеттің тағы бірі – көлік апаты жиі орын алатын жол учаскесіне орнатылмақ.

«Бастысы, бұл макеттер адам өмірін қорғау үшін қызмет етеді. Көлік жүргізушілері де жол қозғалысы ережелерін бұзбауға бел буады деп ойлаймыз» – деді Абай аудандық ІІБ ЖПҚ бастығы, полиция подполковнигі Сағындық Смаилов.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Бір пікір

Back to top button