Жаңалықтар

Планетная көшесінің тұрғындары кешеден бері сусыз отыр

Кешеден бері Қарағандыдағы Планетная көшесіінде орналасқан №4,6,8,10,12 және 14 тұрғын үйлерінде ауыз су жоқ. Оған себеп – су құбырының жарылуы. Ал, апат орын алған участок «Қарағанды Су» ЖШС компаниясының балансында емес екен.

Планетная көшесі №6 үйдің ауласында диаметрі 110 мм болатын су құбыры жарылған. Алайда бұл участок «Қарағанды Су» ЖШС балансында емес, сенімгерлік басқаруда екен. Дегенмен, аталмыш компания жөндеу жұмыстарымен айналысатын болды. Жөндеу жұмыстары бүгін басталады.

Су құбырының үстінен газ құбыры өтетін көрінеді. Ал, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аталмыш компания «Энергогаз» ЖШС және бірнеше коммуналдық мекемелердің келісімін алуы шарт.  

– Апаттық жағдай орын алған соң бірден су беруді тоқтаттық. Кешеден бері тұрғындар сусыз отыр. Қазір «Қарағанды Су» қызметкерлері құдыққа жиналып қалған суды сорып алып жатыр. Бүгіннен  бастап құбырларды ауыстыруды бастаймыз. Әзірге тұрғындардың өтініші бойынша мамандар ауыз су тасымалдауда, – деді «Қарағанды Су» ЖШС қызметкерлері.  

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button