Жаңалықтар

Періште тектес адам еді

сурет марқұмның жеке мұрағатынан

Шынайы талант, дарабоз өнерпаз Қайрат інім дүниеден өтті. Таяуда ғана сөйлескенбіз. «Өнерден алыстау адаммын» депсіз ғой, аға. Керей хан бейнесіне қатысты мақалаңызды елге көрсетіп, мақтанып жүремін», – дегеніне соншалықты мән бермеп едім… Кейінде «бақиға аттанатынын сезіп, айтқаны ма» деп, ойға батып жүрмін. Өмір – мұрат, өлім – ақиқат. Ол ешуақытта көмескіленбес бейнелерді театрда да, кинода да сомдады. Ол рөлді ойнаған жоқ, сол кейіпкерге айналып кеткендей әсер қалдыратын. Ол періште тектес адам еді. Қазақтың дербес ханы Керей бейнесін сомдау арқылы ол сол бір аласапыран кезеңнің келбетіне «адам – уақыт – парыз» үштағанын енгізді. Тал бесік пен жер бесіктің арасындағы келте ғұмырдың мән-маңызын, мазмұнын баршамызға сездіріп еді. Енді басталатын екінші ғұмырында да сол ұстаным ту болатыны анық.

Мәуен Хамзин,
филология ғылымдарының докторы, профессор

Басқа материалдар

Back to top button