Папиллома вирусына қарсы вакцинация Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді
Қазақстанда адам папилломавирусына (АПВ) қарсы вакцинация Ұлттық екпе күнтізбесіне енгізіледі. Вакцинация 2024 жылдың 3 тоқсанынан бастап балаларды егуге ата-аналарынан рұқсат алғаннан кейін 11 жастағы қыз балаларға жүргізіледі. Бұл жас ДДҰ, онкологтардың ұсыныстарына сәйкес таңдалған, өйткені 11-14 жас аралығындағы иммундау ересек жасқа қарағанда тұрақты иммунитет қалыптаса бастаған кезде тиімді болады.
Адам папиллома вирусының не екенін түсіндіру керек. Адам папиллома вирустары – терімен шырышты эпителийге әсер ететін әртүрлі ДНҚ бар вирустардың тобы, қазіргі уақытта сипатталған АПВ-ның 190-нан астам түрі бар, олардың ішінде онкогендік қауіптің жоғары және төмені болады. Көп жағдайда инфекция кезінде әртүрлі типтегі папилломалар пайда болады: қарапайым сүйелдер, плантарлы, жалпақ, жіп тәрізді папилломалар, акрохордтар, кондилома және т.б.
Жоғары типті АПВ зақымдануы қатерлі ісіктің әртүрлі жағдайларын тудыруы мүмкін, ең көп тарағаны – жатыр мойны обыры. АПВ ауруы жасырын ауруларға жатады, яғни сыртқы жағынан білінбейді, содан кейін созылмалы баяу ағымға ауысады және инфекцияның кіру қақпасы аймағында қатерсіз немесе қатерлі ісіктер пайда болады.
Инфекция көзі ауру адам немесе тасымалдаушы болып табылады, ол өзі ауырмайды, бірақ иммунитеті әлсіреген адамға жұқтыруы мүмкін. Инфекция келесі жолдармен жұғады:
– Тұрмыстық байланыста, әсіресе теріде кесіктер немесе жарықтар болған кезде;
– Жыныстық қатынас (жыныстық қатынастың барлық түрлерінде);
– Өзін-өзі жұқтыру (мысалы, қырыну немесе эпиляция нәтижесінде);
-Тігінен(босанукезіндеанаданбалаға).
Науқасты емдеу АПВ түріне, аурудың дәрежесіне және дененің жеке ерекшеліктеріне байланысты жеке тағайындалады. Егер диагноз қойылған кезде науқаста вирус анықталса, бірақ аурудың белгілері пайда болғанға дейін клиникалық симптомдар әлі жоқ болса, цитостатиктермен терапия тағайындалуы мүмкін – бұл иммунотропты және микробқа қарсы. Бұл терапия вирусты біраз уақытқа “тежеуге” мүмкіндік береді. Науқаста папилломалар болған кезде оларды алып тастауға болады. Жою әдісін таңдау олардың орналасу орнына байланысты.
Адам папилломавирусын жұқтыру қаупін азайту үшін, сондай-ақ аурудың дамуын бәсеңдету үшін спецификалық емес профилактикаға кеңес беріледі:
– жаман әдеттерден бас тарту;
– салауатты өмір салтын ұстану, спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану;
– жеке гигиена ережелерін сақтау, әсіресе ылғалдылығы жоғары жерлерде (бассейн, сауналар, спорт залдары);
-қорғалғанжыныстыққатынасқа түсу.
Арнайыпрофилактика,яғнииммундаувирустыңкейбіртүрлеріүшінғанақолданылады. Жатыр мойны обырына қарсы вакцина әлемнің 135 елінде 15 жылдан астам уақыт бойы қолданылып келеді, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанда жүргізіледі. Вакцина репродуктивті функцияға әсер етпейді және бедеулікті тудыруы мүмкін емес.
Ата-аналарға дұрыс шешім қабылдауға кеңес береміз. Бүгінгі таңда жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді әдісі-қыздарымызды жатыр мойны обыры сияқты ауыр аурудан қорғайтын АПВ вакцинациясы!
Еркін БЕЙСЕМБАЕВ,
Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиялық
бақылау басқармасы басшысы