Қоғам

Отбасылық құндылық – тәрбие негізі

Жыл сайын елімізде қыркүйек айында Отбасы күні аталып өтіледі. Бұл атаулы шарадан қызметкерлері де қалыс қалған жоқ. Қарағанды қаласының ПБ басшылығының ұйымдастыруымен бүгінгі күні көп балалы және аз қамтылған отбасыларды аралап жағдайларын біліп қайтты.

Алдымен тәртіп сақшылары ағымдағы жылы ортамыздан ерте кеткен Қарағанды қаласының ПБ қабылдап-тарату орнының инспекторы Рүстем Байжумартовтың отбасында болып, отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Сондай-ақ Қарағанды қаласының ПБ басшылығы мен жеке құрамы бүгінгі айтулы шара барысында Қарағанды қаласының ПБ ӘПБ инспекторы полиция капитаны бес баланың анасы Жанар Маратқызы Абилованың үйінде бас қосып, балаларға сый- сияпат ұсынған болатын.

Ал алты баланы тәрбиелеп жеткізіп отырған Қарағанды қаласының ПБ ППП инспекторы полиция лейтенанты Игілік Сейткамалұлы Алтынбековтың жанұясы күтпеген тосын сыйға қуаныштарын жасырмады.

«Отбасылық құндылық –тәрбие негізі, бұл күн отбасыларға баруға, олардың жағдайы туралы білуге тамаша мүмкіндік. Барлық аз қамтылған отбасылар және көп балалы отбасылар бізде арнайы тізімде тіркеледі. Біз олармен үнемі байланыста боламыз», – деді Қарағанды қаласының Полиция басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Ғабит Дильмагамбетов.

Сонымен қатар Қарағанды қаласының ПБ Михайлов ПБ басшылығы да өздерінің қызмет көрсететін аумағында тұратын көп балалы ананың отбасында болып, азық-түлікпен жәрдемдесіп, қолдау көрсетіп қайтты.

Нағима Әшімқызы
Қарағанды қаласының ПБ.

Басқа материалдар

Back to top button