Қоғам

Отбасы күні аталып өтті

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасында қыркүйектің әр екінші жексенбісінде Отбасы күні аталып өтіледі.

Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында ағымдағы жылдың 11 тамызы күні Қарағанды қаласы ПБ Киров полиция бөлімінің жеке құрамының атынан Киров ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рустем Серикбайұлы Аринов және Киров ПБ ЖПҚБ УПИ полиция аға лейтенанты Ерсайын Дюсетайұлы Сабиев өздері қызмет көрсететін аумақта тұратын аз қамтылған отбасына азық-түлікпен жәрдемдесуді ұйғарып Бухарбаевтар отбасына барып қайтты. Отбасының анасы Нұрсұлу апамыз бес бала тәрбиелеп өсірген ардақты ана. Қазіргі қиын уақытта түсіністік танытып, қолдау көрсеткен полиция сақшыларына анамыз алғысының шексіз екендігін жеткізді.

«Адам үшін отбасы ең бірінші орында тұрататыны белгілі. Біз полиция қызметерлері өз ісімізбен аз қамтылған немесе көп балалы жанұялардың ауыртпалығын аз да болса жеңілдетіп, олардың жалғыз емес екендігін айтқымыз келеді», – деп ойымен бөлісті полиция подполковнигі Р.Аринов.

Нағима ӘШІМҚЫЗЫ,
Қарағанды қаласының ПБ.

Басқа материалдар

Back to top button