Жаңалықтар

«Отбасы банк» 116 680 теңге таратып жатыр

«Отбасы банк» 10 жылдан астам еңбек өтілі бар Қазақстандықтарға 116 680 теңге аударуда. Алаяқтар осылай жалған хабарлама таратып, тұрғындардың жеке дерегін оп-оңай біліп алуда.  

Әлеуметтік желіде «10 жылдан астам еңбек өтілі бар Қазақстанның әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарынан еңбек шегерімін ала алады» деген жалған ақпарат кезіп жүр. Әуелі алаяқтар WhatsApp желісі арқылы қала тұрғындарына сілтеме жіберіп, артынша «Сәлем» деп жазып жіберуді сұрайды екен. Егер сіз алаяқтың дегенін істесеңіз, автоматты түре жеке деректеріңіз оларға түседі. Ал, бұл туралы «Отбасы банк» қызметкерлері алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады.  

– Қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелерге өтпеулеріңіз сұралады. Сондай-ақ, жеке деректеріңізді бөліспеңіздер. Тек «Отбасы банктің» ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз. Банк қызметкерлері бұл ақпараттың жалған екенін анықтады, – деді «Отбасы банк» мамандары.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button