72 жастағы ер адам демалыс күндері Қ.Сәтбаев каналына қайықпен шығып, белгіленген уақытта үйіне оралмаған. Қазір оны төтенше жағдайлар департаменті, аңшылар қызметі, сондай-ақ туыстары іздестіруде.

– Осакаров ауданындағы Қ.Сәтбаев атындағы каналдың су айдынында төтенше жағдайлар қызметі, жоғалған адамның туыстары мен жергілікті балықшылар 11 мамыр күні таңғы сағат 08:00-де балық аулауға кеткен 1951 жылы туған ер адамды іздестіріп жатыр. Ол үрлемелі қайықпен жүзіп кетіп, қайтып оралмаған, – деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ департамент мамандары балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.