Бас тақырып

Қос басылымға қолдау танытты

2024 жылдың екінші жартыжылдығына баспасөзге жазылу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық газеттің тұрақты оқырмандары да жергілікті газетке жазылып, облыс жаңалықтарының жаршысы саналатын басылымға қолдау көрсетуде. Осы ретте игі іске үлес қосып, 40 адамды облыстық «Ortalyq Qazaqstan» және «Индустриальная Караганда» газетін жаздырып берген Қазақстан Халық партиясының облыстық филиал төрағасы Халел Мақсұтовқа алғыс айтамыз.

Сурет автордан

– Қазақстан Халық партиясының 20 жылдығына орай, аппараттың бекітіп берген жұмыс жоспарына сәйкес «Жақсылық керуені» атты шара бастау алды. Осы орайда, «Қарлығаш», «Іңкәрім» балабақшасы, облыстық ЖИТС орталығында болып, облыстық қос басылымға 6 айға жазылғандығы туралы сыйлық сертификатын табыстадық. Газет арқылы әрбір оқырман нақты әрі тексерілген ақпарат алады. Жаңалықтың, жақсылықтың жаршысы болған облыстық газеттердің оқыр­мандарын көбейтуге атсалысуға шақыра отырып, қоғамдық-саяси газетке қуатты тірек болайық дегім келеді, – дейді Халел Мақсұтов.

Филиал төрағасы кездесуде не себепті тегін газетке жазғызғанына баса назар аударды. Газеттің әлеуметтік желіден артықшылығын тілге тиек етті. Мәселен, тәжірибелі журналистердің оқырман алдындағы жауапкершілігін, яғни, газетте жалған ақпараттың болмайтындығы, әрі танымдық-тарихи мақалалар мен тұшымды дүниелердің жазылатынын атады.

– Жергілікті басылымға жазылуға кө­мек бергені әрі ұжымды оқуға ынталандырғаны үшін ризамыз, – дейді «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі Қамар Мұқтарова.

Сағыныш ӘБІЛ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button