Бас тақырып

«Орталықпен» біргемін

Қадірменді оқырман! «Ortalyq Qazaqstan» газеті – Арқаның ажары. Бұл газеттен өлкенің тарихын ғана емес, өңірдегі күнделікті болып жатқан тарихи тұлғалардың тағдырымен байланысты дүниелерді, жастар қозғалысының қалай жүріп жатқаны, ауыл еңбеккерлері жайлы керемет дүниелерді оқимын.

Сурет автордікі

Газет кешегі Алаштың арманы болған, ақпарат тарататын бірден-бір құрал ретінде өзінің мәнін әлі жойған жоқ. Сондықтан Арқа баспасөзінің қарашаңырағы болған «Ortalyq Qazaqstan» газетін алып оқу – мен үшін үлкен құрмет.

Газеттің биылғы нөмірлері қызықты болады деп есептеймін. Өйткені, академик Евней Бөкетовтің 100 жылдығы жайлы қызықты материалдар жарық көруде. Ұстаздардың ұстазы болған Қали Жуасұлының 100 жылдығы газет бетінде әлі де айтылады деп ойлаймын. Биыл «Ortalyq Qazaqstan» газетіне жазылу бұрынғыдан да ыңғайлы. Үйден шықпай жазылуға үлкен мүмкіндік жасалды. Қосымша QR-кодты телефонның экранынан зыр еткізіп, жылдам әрі қауіпсіз түрде жазыла аламыз.

Қадірменді зиялы қауым, өзіміздің өлкедегі сүйікті газетімізге жазылайық! Тарихымызға тереңінен үңілетін сүйікті басылыммен биыл да біргемін.

Нұрсахан АХМЕТҚЫЗЫ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button