Жаңалықтар

Ортақ мүдде игілікке бастайды

Құрылтай бірлік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді. Оған қоса, қоғамдық диалог стандартын
құрудың жарқын мысалы. Ұлттық дәстүрге, тарихи жадыға деген құрмет пен адалдықтың символы.

Сурет Ақорда

Сондықтан, тарихты есте сақтау саясаты, ұлттық брендинг тұрғысынан біздің халқымыздың полиэтникалық құрамын (мультикультурализм моделі) ескере отырып, дамудың идеологиялық аспектілерін құрудың маңызын көрсетеді. Елдің одан әрі даму жолын айқындап, жастарды тәрбиелейді.

Бурабайда өткен Құрылтай ұлттық бірегейлігімізді нығайтуға, түрлі этностарды біріктіруге бағытталды. Дәстүрге, отбасы мен шаңырақ құндылықтарына, туған жерге деген сүйіспеншілікке, мейірімділікке назар аударуға арналды.

Құрылтай Наурызнаманың бекітілген тұжырымдамасы аясында «Амал күнін» мерекелеумен сәйкес келді. Ұлттық киімді және этникалық бірегейлікті танымал етуде бизнес бастамаларды дамытуға қолдау көрсетуге баса назар аударылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда сөйлеген сөзінде:

«Биылғы жыл тағы да қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келді. Жарқын қасиетті мерекелер ізгілікке шақырады, асыл және жасампаз құндылықтарды насихаттауға ықпал етеді. Бұл күндері Құрылтайды өткізу – жақсы белгі» деді.

Президенттің Құрылтайдағы Жолдауының мазмұнынан қоғамдағы бірлік пен келісім мәселелерін қозғайтынын аңғаруға болады.

Алдымен, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауға әсер ететін аспект – қоғамдық этика, оның ше караларын
сақтау. Адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау, жалған ақпарат тарату – құқық нормаларын бұзады. Жеке тұлғалардың шекарасына қол сұғу – әділеттілік қағидатына деген сенімге нұқсан келтіреді.

Сол себепті, алаяқтықтың таралуына, «жалған оқытушылардың» қызметіне тосқауыл қою қажет.

Сөз бостандығы мен сындарлы сынды шектемейтін, халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымда
масының элементтерін сақтау, саралау және әзірлеу – диалог құрудың өркениетті әдісін қалыптастыраты
ны сөзсіз.

Жекелеген елдердің дәстүрлі емес діни ағымдардың жастар арасында ықпалының күшеюі жағымсыз салдарға соқтырады. Бұл бөтен діни трендтердің ұлттың шоғырлануына емес, бөлінуіне әкелуі мүмкін екенін көрсетеді. Мұндай үрдістердің алдын алу үшін Президент діни саланы реттеу саласындағы заңнамалық нормаларды қайта қарау қажеттігін атап өтті. Идеологияның маңызды құралы – Қазақстанның ұлттық брендингінің элементтерін қалыптастыруға ықпал ететін кинематография. Көркем, деректі және анимациялық фильмдердің сапалы, жасампаз және тәрбиелік мазмұны, әсіресе, жастар мен балаларға әсер ету әлеуетіне ие. Сондықтан, ұлттық театрларды дамыту және қолдау маңызды. Өйткені мәдени білім мен ағарту – ойлау жүйесін байытады, қоғамның интеллектуалды бөлігін қалыптастырады, шығармашылық көкжиегін кеңейтеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр Құрылтайда айтылған идеяларды атап өтті. «Адал азамат» тұжырымдамасының мұраттарына сәйкес келетін патриоттық, білімді, жасампаз ұрпақты тәрбиелеу қажет.
Мен Құрылтай мүшелерінің осы бағдарламаны «Адал азамат» деп атау туралы ұсынысын толық қолдаймын.
Сонымен бірге, Құрылтайда тарихи жады мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, тарихи әділеттілік қағидаттарын сақтау, ономастикадағы тәртіпті сақтау, жеке тұлғаның еңбегін сапалы сараптамалық зерттеу, қалалар мен көше атауларында халық тарихын көрсетуге баса назар аудару қажеттілігі атап өтілді. Осы орайда халық тарихының бірегейлігін толық ашып көрсету керек.

Қазіргі Қазақстанның миссиясы – көшпелі өркениет заманында озық, дамыған елге айналу. Сонымен қатар, ортақ игілік үшін халықтар мен мәдениеттерді, дәуір мен кеңістікті біріктіру де міндет.

Президент «Қазақстан балалары» бағдарламасын әзірлеуді тапсырды. Нашақорлыққа және есірткі
бизнесіне қарсы күрес бойынша жаңа кешенді жоспарлар қабылдау, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және мерзімінің өтуіне байланысты күшін жоғалтқандар орнына жасөспірімдер суицидінің алдын алуды көздейді.

Заңнамаға өзгерістер енгізілгеніне, балаларды психологиялық қолдау орталықтарының ашылуына қарамастан, отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық, дәстүрлі емес діни ағымдардың теріс әсері бар фактілер орын алуда. Бағдарламаны құру білім беру мен тәрбиені біртұтас жүйенің бөлігі ретінде интеграциялау мәселелерін шешуге ықпал етеді.

Сондай-ақ, әрбір облыс орталығында аутизмі бар балаларды қоса алғанда, ерекше балаларды оңалту және дамыту орталықтарын салуды жандандыру, ерекше қажеттіліктері бар балаларды кешенді қолдауды реттейтін жаңа заң әзірлеу қажет.

Жоғарыда келтірілген ұсыныс, пікірлердің әрқайсысы жастардың болашағы үшін белсенді күш-жігерді қолданудың алғышарты. Бұған мемлекеттік органдар, қоғам қайраткерлері, институттар белсенді араласуы тиіс.

Айжан ҚИЯСОВА,
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының
Қарағанды облысы бойынша орынбасары,
Аналар кеңесінің төрағасы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button