Қоршаған орта қорғансыз емес
Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында облыстық мәслихат «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар» жоспарын (бұдан әрі – жоспар) бекітті. 2025 жылы 57 іс-шараны іске асыру бойынша келесідей ілкімді жұмыстар легі іске асырылып, қалғаны жалғасу үстінде.

Жасыл өңірге қадам
Мәселен, 2022 жылдан бастап 15 тазарту құрылыстары мен кәріз желілерін салу және реконструкциялау жұмыстары Абай, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет аудандарында жүргізілуде. Балқаш, Теміртау, Саран қалаларында атаулы жұмыстардың аяқталуы 2026-2027 жылдарға межеленді. Жетелі жоспар шеңберінде Қарағанды мен Теміртау қалаларында жеке тұрғын үйлерді газбен жабдықтау (қосу), сондай-ақ, Қарағанды қаласының (Шахтер кентінің) үй ішілік жылыту жүйесін қалпына келтіру бойынша бірқатар амалдар жүргізіле отырып, осы бағыттағы жұмыстар сәйкесінше жалғасуда. Балқаш қаласының аумағында санитарлық-гигиеналық құрылғыларды (СГҚ) жайластыру және орнату жүргізілді.
Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында әрі рекреация үшін суды одан әрі жинақтау мен пайдалану мақсатында өткен жылы Бұқар жырау ауданының Тоғызқұдық пен Жастілек су қоймаларын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, Шет ауданының тағы үш су қоймасында (Танатбай, Ақтұмсық және Мұхтар) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс ағымдағы жылы аяқталатын болады, қажетті қаражат көзделген. Мемлекеттік сараптама алу сатысында төрт (Ботақара, Темірязево, Босаға және Ақжар) су қоймаларының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді. Өткен жылы 13 су қоймасына техникалық тексеру жұмыстары аяқталып, олар бойынша кезең-кезеңімен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жоспарлануда.
«Бұқар жырау ауданының Шалқаркөл-Семізбұғы көлінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу» жобасы әзірленді де, биыл су қорғау белгілерін орнату жоспарлануда. Өзен арналарын санациялау бойынша жұмыстар – маңызды іс-шаралар қатарынан. Сондықтан, өткен жылы Тоқырауын және Үлкен Бұқпа өзендерін санациялау бойынша жұмыстар аяқталып, Бұқпа өзені бойынша биыл жергілікті тазарту құрылыстарын орнату ісі қалды. Нұра-Волховское және Молодецкое өзендерінің екі учаскесін, сондай-ақ, Соқыр және Шерубай-Нұра өзендерін санациялауды жобалау бойынша жұмыстар аяқталды. Жоталы жобалар ағымдағы жылы бастау алып, 2028 жылы аяқталады деп межеленеді.
Жоспар аясында Осакаров ауданының әкімдігі өткен жылы Үлкен-Құндызды, Сабыр-Қожа, Қарғалы өзендерін санациялау жұмыстарын бастады. Іргелі істер 2026-2028 жылдары аяқталып қалмақ. Су тасқыны кезеңіндегі гидрометеорологиялық жағдайды мониторингілеу мақсатында Қазгидромет үшін екі гидропост орнатылды, Нұра-Жаңа-Талап өзендерінде Бұқар жырау ауданы мен Талды, Нұраталды, Шет ауданы, бұған дейін өзендердің осы учаскелерінде гидропосттар болмаған. Оларды орнату су тасқыны кезеңінде су шығынының нақты деректерін анықтауға мүмкіндік береді.
Балқаш көлінің экожүйесін сақтау және жақсарту, туризмді дамыту мақсатында өткен жылы рұқсат етілмеген пирстерді бөлшектей отырып, Балқаш көлінің Бертіс шығанағын қалалық жағажай ауданының түбіндегі шөгінділерден тазарту жұмыстары басталды. Жұмыстарды 2027 жылы аяқтау жоспарлануда. Тарихи ластануды жою бойынша негізгі жұмыстар жүргізілуде. Бұрынғы «Дарьял-У» радиолокациялық станциясының (РЛС) аумағында орналасқан жерлерді қалпына келтіру бойынша көпжылдық мәселе шешілуде. Бұл істі аяқтау 2027 жылға жоспарлануда.
Өңірлік экожобалардың нәтижелері
Облыста қатты тұрмыстық қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін дамыту және елдімекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар дәйекті түрде іске асырылуда. Өткен жылы Абай қаласында қоқыс сұрыптау желісі бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы аяқталды. Балқаш қаласында сұрыптау желісі бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны инвестордың қаражаты есебінен салынды. Бұқар жырау, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандарының алты полигоны бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Теміртау қаласының Подгорная, Аманжолов көшелеріндегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жұмыстары іске асырылып келеді.
Облыс орталығында контейнерлер орнатылып, контейнерлік алаңдар пайда болды. Қалдықтарды қайта өңдеу технологияларын енгізу үшін «Жасыл Даму» бағдарламасы арқылы инвестициялар тарту бойынша сәйкес жұмыстар белсенді жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне «ТРА SARY ARKA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қағаз зауытын салу бойынша екі өтінім берілді. Қарағанды қаласындағы «MGM Construction» ЖШС-гі полимер қалдықтарын қайталама түйіршікке қайта өңдеу бойынша, одан кейін орамдық бұйымдарға арналған арнайы орау материалдарын өндіреді. Ал, «ГорКомТрансКараганда» ЖШС қытайлық инвесторлардың қатысуымен қоқыс жағу зауытын салуды көздеп отыр.
Экологиялық нормалау және қоршаған ортаның жай-күйін бақылауды күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде, Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалалары үшін атмосфераға шекті жол берілетін шығарындылардың (ШЖШ) жиынтық томдары әзірленді. Халық саны 10 мыңнан асатын Саран, Шахтинск, Приозерск, Абай қалалары үшін тиісінше жұмыстар жалғасуда. Ластаушы заттардың шығарындыларын, төгінділерін бақылау және мониторингтеу мақсатында өткен жылы зертхананы күрделі жөндеуге жоба әзірленіп, 2026 жылы жөндеу жүргізуді және аккредитация алуды жоспарлап отырмыз. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру және болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтау үшін азаматтардың жауапкершілігін арттыру мақсатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының тұжырымдамасын орындау шеңберінде 20 000-ға жуық адамды қамтитын алты экологиялық акция өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел бойынша 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста 2021-2027 жылдарға арналған ағаш өсімін молайту және орман өсіру жөніндегі кешенді жоспар бекітілді. Өткен жылғы орман дақылдарын отырғызу жұмыстары толық көлемде орындалды. Жалпы ауданы 448,2 га жапырақты және қылқан жапырақты тұқымдардың 1673,53 мың дана көшеттері (қарағай, қарағаш, үйеңкі) егілді. 177,5 га алаңда 405,8 мың дана орман дақылдарын толықтыру жүргізілді. Ағаш егу материалымен қамтамасыз ету үшін жалпы ауданы 41 га бір тұрақты орман питомнигі бар. Оның ішінде, суармалы ауданы 26 га суару итальяндық жаңбырлату түріндегі жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Жобалық қуаттылығы 1,3 млн дана стандартты көшет, өткен жылы тұқымбақ алаңын кеңейту бойынша жұмыс басталып, алаң 10 гектарға ұлғайтылды. Бұл біздің Қарағанды, Қу, Ақтоғай орман шаруашылығымызды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 3500 келі орман тұқымы жиналды. Бүгінгі таңда Орман тұқымбағында кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін отырғызу материалдарының жеткілікті мөлшері бар. Облыс әкімінің қолдауымен орман алқаптарын кеңейту, орман өсіру, орманды қорғау үшін арнайы техника мен жабдықтар сатып алынды. Демалушылар үшін жағдай жасау мақсатында ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі үш орман мекемесінің жерлерінде демалыс орындары, сәкілер, барбекю аймақтары, санитарлық-гигиеналық тораптар орнатылды.
Республикалық маңызы бар ұлттық табиғи парктер үшін Қарқаралы ұлттық табиғи паркі – төрт, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы – бір, орман өрт сөндіру станцияларының құрылысы аяқталды. Ақтоғай және Қарағанды орман шаруашылықтары үшін әкімшілік ғимараттар салынды. Орман қоры аумағында өрттен сақтау, қорғау және болдырмау мақсатында өрт қауіпті маусым ішінде жыл сайын орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес бойынша жұмыстар жүргізіледі. Өткен жылы алғаш рет Қарқаралы авиациялық бөлімшесі республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен бірлесіп, Қарқаралы ауданының Қу орман шаруашылығының өрттерінен ормандарды авиациялық қорғау мәселесі оңтайлы шешілді.
Облыстағы экологиялық жаңғыру
Балық және аңшылық шаруашылығын дамыту, жануарлар санын реттеу және табиғи ресурстарды қорғау бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Аңшылық алқаптарды бекіту бойынша бір конкурс өткізіліп, үш аңшылық алқап сатылды. Түскен сома – 816 636 теңге. 2025 жылы жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы түсімі 40,3 млн теңгені құрады. Өткен жыл қорытындысы бойынша тауарлық балық өсіру көлемі 691 тоннаны құрады. Аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімділігі мен өнім сапасы, асыл тұқымды балық шаруашылығын дамыту және агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу мақсатында инвестициялық салымдар кезінде «Караганда Осетр» ЖШС-гі тарабымен субсидиялау жүргізілді.
Резервтік аңшылық алқаптары мен су айдындарын қорғау мақсатында өткен жылы табиғат қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 102 хаттама жасалды. Ақбөкендердің санын реттеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылдың сәуір айында облыс әкімінің өкімімен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жәрдем көрсету, ақбөкендердің ауыл шаруашылығы алқаптарын шөгуін болдырмау бойынша жедел штаб құрылды. Бұл жұмыстың маңызды бағыттарының бірі халыққа мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. 2025 жылы 1633 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оның ішінде, жобаларға 486 экологиялық қорытынды, қоршаған ортаға теріс әсер етуге 114 рұқсат, кіші түрлері бойынша жануарлар дүниесін пайдалануға 975 рұқсат берілді. Аңшылық – 844, 52 ағаш кесу билеттері, «Аквамәдениет (балық шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуды субсидиялау» – бес, «Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектілерінің шеккен шығыстарының бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» – бір.
Барлық өткізілетін іс-шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға, экожүйелерді сақтауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және халықтың өмір сүру сапасын арттырады.
Бахтияр САНБАЕВ,
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасының басшысы



