Бас тақырыпРесми

Орманшылардың жалақысы 129 мың теңгеден 250 мың теңгеге өсті

Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағатында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев орманшылардың жалақы мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сурет: taulik.kz

2023 жылғы 1 шілдеден бастап әлеуметтік мәселені шешу шеңберінде мемлекеттік орман күзеті қызметінің қызметкерлеріне лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде қосымша ақы белгіленді. Мемлекет орман күзеті қызметкерлерінің орташа жалақысы 129 мың теңгеден 250 мың теңгеге өсті, – деді министр.

Яғни 12 876 штаттық қызметкердің жалақысы өсті. Олардың қатарында мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторлары, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторлары бар.

Қалған қызметкерлерге штатқа кіретін әкімшілік қызметшілерге және штаттан тыс қызметкерлерге министрлік пен кәсіподақ арасындағы келісім шеңберінде 75% үстемеақы қарастырылды.

– Министрлік жалақыны 100 пайыз көтеру бойынша жүйелі шаралар қабылдау үшін орман өрт сөндіру станцияларының барлық қызметкерлеріне, оның ішінде уақытша қызметкерлерге қосымша ақы төлеу бойынша Үкімет қаулысының жобасын әзірледі. Қаулы жобасы уәкілетті органдармен алдын ала келісілді, – деп айтты ведомство басшысы Мәжілісте.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button