Жаңалықтар

Оралмандарға – оңтайлы мүмкіндік

Мемлекет басшысы Орталық және Жергілікті атқарушы органдарға Оралман мәртебесінің мерзімі өткен этникалық қазақтарға жеңілдетілген реттілікпен Қазақстан Республикасы азаматтығын беру жөніндегі жұмыстарды жүйелі жүргізу туралы биылғы жылдың наурыз айында арнайы тапсырма берген болатын.

Уақыт талабына сәйкес, осындай мазмұндағы шараларды қабылдау этникалық иммигранттар арасында әлеуметтік ахуалды анағұрлым жеңілдетумен қатар, азаматтық алу арқылы олардың экономикалық-әлеуметтік жағдайының жақсаруына да ықпал етеді.

Соған байланысты этникалық қазақтардың оралман мәртебесі мерзімі өткеніне қарамастан 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.

Аталған құжатының мерзімі өткен оралмандарға оның қолданыста болу мерзімін ұзарту үшін Қарағанды қаласы, Ержанов көшесі, 47/3 үй мекен-жайында орналасқан облыс­ тық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтініш тастауы тиіс, деп хабарлайды Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оралман мәртебесін ұзарту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы ұсыныс­ ты рәсімдеп, қажетті құжаттар тізімін алу үшін тұрғылықты тіркелген жері бойынша азаматтар аумақтық полиция бөлімінің миграциялық қызметіне баруы қажет.

Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау материалдары Қазақстан Республикасы заңнамасының, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының «Халықтың көші-қоны туралы», «ҚР Азаматтығы туралы» Заңдарының, ҚР Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы №315, 2012 жылғы №85 бұйрықтарымен бекітілген «Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдауды және одан шығуды тіркеу» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету стандарты талаптарына сәйкес қабылданады.

Құжат мерзімін ұзарту қажеттілігі бар қандастарымыздың оңтайлы мүмкіндікті жіберіп ал мағандары жөн.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТ.

Басқа материалдар

Back to top button