Қол гигиенасы маңызды
2004 жылдың қазан айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік пациенттер қауіпсіздігі альянсын құрды. Жыл сайын 15 қазанда Жаһандық қол жуу күні бүкіл әлемдегі қауымдастықтардағы аурулардың алдын алудың оңай және қолжетімді жолы ретінде қолды сабынмен жууға ықпал етеді.
Қол гигиенасы талаптарын сақтау – жұқпалы аурулардан қорғаудың ең қарапайым және қол жетімді, бірақ өте тиімді шарасы. Алайда, бұл процедура әрдайым толық орындалмайды. Тіпті медицина қызметкерлері арасында да орындалмай жатады. Бұл «лас қолдар» ұғымын тудырады, яғни, медициналық ұйымдарда медициналық көмек көрсету кезінде дамитын 50%-80% инфекциялық асқынуларға алып келеді. COVID-19 пандемиясы микробтардың таралуын тоқтатудың және денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірі – қолды сабынмен және сумен жуудың ең оңай әдістерінің бірі екенін еске салды.
Медициналық ұйымдарда қол тазалығын бірінші орынға қою үшін барлық деңгейдегі адамдар өмірді сақтау үшін қол гигиенасының маңыздылығына білуі керек. Патогендердің таралуында «лас қол» ерекше рөл атқарады. Бактериялар мен вирустар кейбір адамдар үшін ауру белгілері жоқ инфекция болуы мүмкін, ал басқалар үшін өлім қаупін тудыруы ықтимал. Инфекцияның таралуын болдырмау және қауіп тобындағы адамдарды инфекцияның ауыр асқынуларынан қорғау үшін денсаулық сақтау мамандарына ғана емес, әрқайсымызға қол гигиенасын сақтауымыз аса маңызды.
Қолды сабынмен мұқият жуу немесе 20-30 секунд ішінде спиртті антисептикпен өңдеу көптеген өлімге әкелетін аурулардың алдын алады.
Қол гигиенасы:
– медициналық көмекке байланысты көптеген инфекциялардың алдын алады.
– қол гигиенасы сізді, әріптестеріңізді және пациенттеріңізді қорғайды.
– қол гигиенасы – микробтардың медициналық ұйымдарда және қоғамда таралуын болдырмаудың ең жақсы әдісі.
Гүлжан БАЙГУТАНОВА,
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті
басшысының орынбасары