Жаңалықтар

Обыр – дауасыз дерт емес

    4 ақпанда «Қатерлі ісікке қарсы бірге!» ұранымен Бүкіләлемдік рак ауруына қарсы күрес күні атап өтілді. Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуінше, 2013 жылы әлемде қатерлі ісікке шалдыққандар саны 14 миллион адам болған. Мұндай науқастар алдағы 20 жылда 22 миллионға жетеді деген болжам бар.

Рак неғұрлым ерте анықталса, соғұрлым оны жеңу мүмкіндіктері де артады. Егер, тұрақты түрде скринингтен өтіп, салауатты өмір салтын ұстанып, өзіңізге және жақындарыңызға қамқорлық таныта алсаңыз – жеңілмейтін ауру жоқ.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының өткізіп отырған онкологиялық аурулардың алдын алу мен ерте бастан анықтау іс-шараларына «Гиппократ» диагностикалық орталығы да қосылады. Яғни, 10 ақпан күні онкология бойынша Ашық есіктер күнінде тегін кеңес алам деушілерді қабылдайды.

Айта кету керек, 2013 жылы «Гиппократ» диагностикалық орталығында рак ауруын отасыз емдеуге мүмкіндік беретін жабдық орнатылған болатын. Мұндай жабдық Қазақстанда және ТМД елдерінде санаулы ғана.

Бірнеше онкологиялық орталықтармен келісім-шартқа отыруына байланысты, Қазақстанның кез келген азаматы онкологиялық мекеменің жолдамасы бойынша осы жерде тегін ем ала алады.

Салтанат ИЛЬЯШОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button