Бас тақырып

Облыстық клиникалық ауруханада микробиологиялық зертхана ашылды

Облыстық клиникалық ауруханада жаңа орталықтандырылған микробиологиялық зертхана өз жұмысын бастады. Зертхана – заманауи құрылғылармен жабдықталған. Жылына 150 мыңға дейін түрлі зерттеу жүргізуге мүмкіндік бар.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Бұған дейін қала бойынша бірнеше зертхана бар-тын. Енді олардың бәрі біріктіріліп, жоғары деңгейлі құрылғылармен, керек-жарақтармен жабдықталды. Мұнда неврологиялық, ревматологиялық, урологиялық және басқа да жұқпалы патологиялары бар науқастар көмекке жүгіне алады.

– Зертханада микроскопиялық, бактериологиялық, серологиялық, паразитологиялық және молекулалық-биологиялық әдісті пайдалана отырып, инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын анықтау және оқшаулау бойынша зерттеулер жүргізіледі. Біз инфекциялық орталық базасында ашылғандықтан, бірінші кезекте жіті-ішек инфекциясы, ЖРВИ бар пациенттердің талдауларын жасаймыз. Көкжөтел, менингит, адено-және ротавирустар, А және В тұмауы және тағы басқа да уақтылы ПТР диагностикасы жүргізіледі, – деді орталықтандырылған медициналық зертхананың меңгерушісі Гүлнара Бейсембаева.

Зертхана заманауи анализаторлармен, қан құрылымының автоматты жүйелерімен, антибиотиктерге сезімталдық анализаторларымен жабдықталған. Сәйкесінше, талдау нәтижелерінің уақыты қысқарған. Бұған дейін қорытынды шығару үшін 10 күн қажет еді. Енді үш күн ғана жеткілікті.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button