Медицина

Облыстық клиникалық аурухананың кардиология бөлімінде 600-ге жуық тұрғын емделіп шықты

Жыл басында облыстық клиникалық аурухананың терапевтік орталығында кардиология бөлімі ашылған еді. Созылмалы жүрек ауруына, жүре пайда болған жүрек ақаулары және басқа да аурулармен ауыратын науқастарды консервативті емдеу үшін ашылған 30 төсектік ауруханада жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан 600-ге жуық қарағандылық ем қабылдаған.

Бөлімше жүрек пен қан тамырларын диагностикалауға қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда тәулік бойы ЭКГ және қан қысымын бақылау, эхокардиоскопия және стресс-тесттер жүргізіледі.

– Облыстық клиникалық ауруханада кардиология бөлімі биылғы жылдың қаңтар айында ашылған болатын. Осы кезең аралығында 600-ге жуық науқас емделіп шықты. Ауруханаға портал арқылы жатқызу бюросы жолға қойылды. Яғни науқастарға жергілікті аурухананың учаскелік терапевттерінен жолдамалар беру арқылы қабылданады. Ал жедел жәрдем бригадасымен жеткізілетін науқастар бөлімшеге шұғыл түрде жатқызылады. Қазіргі таңда бөлімше дәрігерлермен толықтай жасақталған. Бізде пациенттерге көмектесу үшін барлық қажетті дәрі-дәрмектер және функционалды диагностиканың барлық қажетті әдістері бар, – дейді облыстық клиникалық аурухана директорының міндетін атқарушы Нази Базарова.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button