Жаңалықтар

Облыстық энергия қадағалау департаментінің басшысы тағайындалды

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментіне Айрат Мұхаммедғұмарұлы Қарамұрзин тағайындалды. Бұрын ол осы ведомствода басшының орынбасары болып жұмыс істеген, содан кейін басшының міндетін атқарған.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Энергия қадағалау департаментінің басшысын облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте таныстырды.

Айрат Қарамұрзин – «электр энергетикасы» мамандығы бойынша техника және технологиялар магистрі, сондай-ақ «құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. Балқаш қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Балқаш әкімінің орынбасары болған. 2022 жылдың қарашасынан бастап аумақтық энергетикалық қадағалау департаментінде жұмыс істеді.

Басқа материалдар

Back to top button