Медицина

Облыста қызылша жұқтырғандар көбейіп келеді

Жетінші тамыздағы дерек бойынша аймақта қызылша жұқтыруы мүмкін деген күдікпен 73 жағдай тіркелді. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Байгутанованың айтуынша, 73 жағдайдың 53-і зертханалық талдау нəтижесінде расталды.

Тікелей эфир барысында мəлім болғандай ауырғандардың дені – 14 жасқа дейінгі балалар. – Тіркелгендердің 87,6%-ы – балалар. Оның ішінде, жеті жағдай алынып тасталды, 13 жағдай əлі зерттеліп жатыр. Науқастардың 88,6%-ы – егілмеген балалар, – деді Гүлжан Байгутанова.

Бұл ретте спикер көп жағдайда инфекция шетелден келген, сонымен бірге, республиканың басқа өңірлеріне барғандар арасында анықталғанын жеткізді.

– Инфекция шетелдерден, сондай-ақ, Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар сияқты қалаларға барып келген балаларда анықталып отыр. 24,7%-ы отбасындағы байланыс арқылы жұққан. Жағдайдың барлығы анықталып, байланыста болған 2 701 адам медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша бұрын егілмеген 120 адамға екпе салынды, – деді Гүлжан Жақтайқызы.

Қызылша – тез жұғатын ауру. Маманның айтуынша, қызылша жоғары температура, интоксикация, жөтел, мұрыннан су ағу, фотофобия, конъюнктивит, теріде жəне ауыз қуысының шырышты қабаттарында ұсақ нүктелі бөртпе түрінде көрініс береді.

– Қызылша вирусы жөтелу, түшкіру кезінде ауа арқылы жұғады. Қызылшамен, əдетте, екпе алменингит, панэнцефалит сынды асқынуларға себеп болуы мүмкін, – деді Г.Байгутанова.

Оның айтуынша, қызылшаны емдеудің тиімді жəне нақты əдісі маған екі жастан бес жасқа дейінгі балалар ауырады. Балалық шақта қызылшамен ауырмаған немесе вакцина алмаған ересектер де ауырады. Қызылшамен ауырған науқаспен байланыста болса, жасына қарамастан, ауру жұқтырады. Ауру отит, пневмония, энцефалит, жоқ. Аурудан қорғанудың жалғыз сенімді жолы – вакцинация.

– Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сəйкес, қызылшаға қарсы вакцинация екі рет жүргізіледі. Біріншісі, баланың – 12-15 айлығында, екіншісі – 6 жаста. Қызылшаға қарсы вакцина қызамық пен паротитке қарсы компонентпен бірге қолданылады. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 1 жастағы 7 967 бала жəне 6 жастағы 9 783 бала аталған ауруға қарсы егілді, – деді спикер.

Тікелей эфир аясында спикер вакцинациядан бас тарту – денсаулық сақтау саласындағы өзекті мəселеге айналғанын жеткізді.

– Бүгінгі таңда облыста екі мыңға жуық баланың ата-анасы түрлі себептермен профилактикалық егуден бас тартты. Вакцинамен қамтудың төмендеуі ұжымдық қорғаныстың əлсіреуіне, жұқпалы аурулардың пайда болуына жəне таралуына алып келеді. Сондықтан санитария лықэпидемиологиялық бақылау департаменті мүдделі ведомстволардың, діни, қоғамдық ұйымдардың қатысуымен халықтың жекелеген топтарын ақпараттандыру бойынша түсіндіру жəне ақпараттық жұмыс жүргізді. Соның нəтижесінде бас тартқан 593 адам екпе алды, – деді ол.

Қазіргі таңда əлемде, оның ішінде, Қазақстанмен шекаралас елдерде қызылшаның тіркелуі жиіледі. Ақпаннан бастап елімізде қызылшамен сырқаттану жағдайы өсіп келеді.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button